Алматыда Сауд Арабиясының реформатор королінің жеке мұражайы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Қазақстанның мемлекеттік орталық музейінде Сауд Арабиясының королі Фейсал ибн Абдулл Әзиз әл Саудтың жеке коллекциясы негізіндегі «Әл Фейсал: куәгер және шейіт» атты көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі түрлі елдердің кешегі әрі бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында іс-шаралар мен көрмелерді ұдайы өткізіп келеді.
null 

Көрмеде абсолюттік монархия басқару жүйесін ұстанатын Сауд Арабиясы тарихынан сыр шертетін көрмеде Сауд Арабиясының үшінші королі Фейсал ибн Абдул-Әзиз әл Саудтың (1906-1975 жж.) тұтынған жеке заттары мен оған қатысты мұрағаттық құжаттар қойылған.

1964-1975 жж. билік құрған Фейсал ибн Абдул-Әзиз әл Сауд  «Саудттар» әулетінен шыққан.«Саудттар» әулеті шамамен 1446 жылдан бастау алады. Қазіргі таңда елдегі абсолюттік билікке ие жалғыз отбасы.
null 

Фейсал ибн Абдул-Әзиз әл Сауд өз елінде бірқатар ауқымды саяси және экономикалық реформаларды табысты жүзеге асырып, елдің әлеуетін арттыруда үлкен іс тындырған басшы ретінде суреттелген.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар