Алматыда «Sarbaz Race» ІІ Халықаралық әскери ойындары өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Sarbaz Race» ІІ Халықаралық әскери ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оны ҚР ҚК Құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау бригадасы, Құрлық әскерлері әскери институты, әскери-техникалық мектеп және «Экстремальная Атлетика» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықта Алматы қалалық қорғаныс істері департаменті ұйымдастырды.

Жарыстар екі кезеңде өтті. Оның алғашқысына әскери шақыруға дейінгі жастар қатысса, екіншісінде 18 жасқа толғандар өзара күш сынасты. Қатысушылар 10 километрге жүгіру, гранат лақтыру, пневматикалық винтовкадан ату, садақ ату, әскери құрал-сайманмен тау-таста жүру сияқты жаттығулар бойынша жарысты.
null

Жеке көрсеткіштер бойынша ұлдар арасында Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары - Бердияр Шораев, Бағдарбек Нұрбек және Бауыржан Тастеміровтер алдына жан салмады. Ал қыздар арасында Аяулым Нұриманова үздік болды.

Ұжымдар арасындағы жарыста «Жас ұрпақ» командасы 1-орынды жеңіп алды, «Катюша» 2-ші болды, үздіктер үштігін «ДШВ» түйіндеді.

null nullnull 

Соңғы жаңалықтар