Алматыда Сәкен Жүнісовтің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовке ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескерткіш тақта Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Нұрмақұлы Жүнісовтің өзі тұрған үйде орнатылды.

Сәкен Жүнісов 1934 жылы сәуірде Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Соналы ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Сәкен Жүнісов «Құрмет» (2005 ж.), «Халық достығы» ордендерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар