Алматыда Рождество мерекесін тойлауға 5 мыңнан аса адам жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Христов Рождествосын тойлауға Вознесен кафедралды соборында 5 мыңнан аса адам жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2017 жылдың 7 қаңтарында Христов Рождествосын тойлаймыз. 6-сынан 7-сіне қараған түні Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Вознесен соборында қасиетті литургия оқыды», - делінген Қазақстан Республикасы митрополит округінің сайтында.

Митрополит Александр келгендерді мерекемен құттықтап, уағыз айтты.

Мерекелік шараға 5 мыңнан аса адам қатысты.

null 

Соңғы жаңалықтар