Алматыда регбиден Қазақстан чемпионатының 5-кезеңі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Авиатор» стадионында  регби 7-ден ел біріншілігінің 5-ші  туры өтті. Аталмыш додада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жоғары лигадағы ерлердің - 8, әйелдердің 6 командасы бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс нәтижесі бойынша чемпионаттың жүлделі орындарын сарапқа салатын үздік командалар анықталды, ерлер арасында - "Олимп" (Талдықорған), "Азия спорт" (Алматы) және "Каспий" (Ақтау), ал әйелдер арасында "Азия спорт" (Алматы), "Олимп" (Талдыкорган) және ҚБЖСМ-3 (Алматы) жақсы көрсеткіштермен ерекшеленді. 

null

Айта кетерлігі, чемпионатқа жалпы 12 ерлер және 8 әйелдер командасы қатысады. Алайда, қаржыландыру мәселесіне байланысты кейбірі жарысқа келе алмады. Бірақ Регби федерациясының президенті Мұрат Уанбаев Өскеменде өтетін келесі, алтыншы кезеңге 20 команданың барлығы қатысатынына сенімді. Чемпионаттың соңғы жетінші кезеңі 15 қазан күні өтеді.

«Ссы спорт түріне қала тұрғындарын қызықтырғымыз келеді, өйткені, регби Олимпиада ойындарының қатарына қосылуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда, регбимен айналысатындар саны мемлекеттік гвардия ұжымдарымен қоса есептегенде, 10 мыңға жетті. Сонымен қатар, спортшылардың бәсекелестігі мен шеберліктерін арттыру үшін әр ауданда бір командадан құру жоспарда бар. Айта кетсек, әйелдер құрама командасы Азия чемпионатының 14 дүркін чемпионы, сондай-ақ Азия елдері командаларының ішінде үздіктердің қатарында», - деп атап өтті Мұрат Уанбаев.

Еске сала кетсек, ел біріншілігі жалпы 7 кезеңнен тұрады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік ұжымдар  анықталады.  Әзірге, 5 кезеңнің нәтижесі бойынша  Талдықорған, Алматы  және Маңғыстау облысының командалары  көш бастап келеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар