Алматыда пітір садақа қабылдайтын терминалдар орнатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар терминалдар арқылы пітір садақа бере алады. Мұндай қондырғылар Орталық мешіттің жанына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні Бес институционалды  реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуда және есеп беруде. Алматыда ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, ПИК-тер өздерінің  қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие  болуда. Міне, енді, Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады», -  деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетов бұл технологияның ілкі режімде қолданылатынын айтты. Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді, мешітке келген кез келген жан қайырымдылық төлемдерін жәшіктерге сала  алады. Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар