Алматыда пара алмақ болған полицей ұсталып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда пара алмақ болған полицей ұсталып қалды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 17 сәуірінде Алматы қалалық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен ҚР ҰҚК қалалық департаментінің бірлескен шарасы барысында автокөлік құралымен кедергісіз жүруін қамтамасыз ету үшін 200 доллар көлемінде пара алып жатқан жерінен Алматы қалалық Жергілікті полиция қызметі Жол шолғыншы полициясының полк командирі, полиция майоры М.Байғазинов ұсталды», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«М.Байғазинов уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар