Алматыда өрт сөндіру мотоциклдері пайда болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының көшелерінде өрт сөндіру мотоциклдері пайда болады, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қалада 15 өрт сөндіру бөлімдері қызмет етеді, тиесілі нормаларына сәйкес олардың қызмет көрсету радиусы 3 шақырым деп белгіленген. Қазір қалада жедел қимылдау нормативтінің уақытына сай болуы үшін тағы да 15 өрт сөндіру бөлімі жетіспейді.

Көлік кептелістері де өрт сөндірушілердің оқиға орнына дер кезінде жетуіне қиындық тудыруда. Жедел ден қоюдың орташа уақыты 13 минут, кейбір жағдайларда өрт сөндірушілер 20 минутта келеді.

Осы проблеманы өрт сөндіру қызметтерінің бөлімшелерін орналастыра отырып, жаңа өрт сөндіру деполарын салу жолымен шешу керек екені сөзсіз. Сонымен қатар, ТЖД халықаралық тәжірибені зерделей отырып, бөлімшелердің келу уақытын қысқартудың шығыны аз баламалы әдістерін қарастырды.

«Алматы-2020» дамыту бағдарламасының жеті басымдықтарының бірі - «Қауіпсіз қала». Әкімдік авариялық-құтқару техникасын және жабдықты, сондай-ақ халықты құлақтандыру құралдарын сатып алуға тұрақты негізде қаржылық қаражат бөлуде.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қолдауымен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жылдам ден қоюдың мотоциклет экипажы жобасын ендірді.
Қала көшелеріндегі кептелістер кезінде өрт сөндіру тәсілдерінің бірі - өрт сөндіру мотоциклдерін пайдалану. Өрт сөндіру мотоциклдері Ресей, БАӘ, Қытай, Грекия, Германия жән Түркияда сәтті қолданылуда. Қарқынды жол қозғалысы жағдайларында жедел ден қоюдың осындай оң тәжірибесі туралы қала әкіміне баяндалды. Осы ұсынысты қала басшылығы қолдап, ағымдағы жылы 4 өрт сөндіру мотоциклдерін сатып алуға қаражат бөлінді. Жаңалық Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын атап өту қажет.

Алматы қаласы ТЖД арнайы тапсырысы бойынша жасалған «ЯВА-660» өрт сөндіру-құтқару мотоциклдері өрт сөндіргіш затты жоғары жылдамдықта беретін арқаға ілінетін импульсті өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған, сондай-ақ сұйықты өрт сөндіргіш, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін «фельдшерлік» бұйымдар мен құралдар жиынтығы, кесуге және ашуға арналған аралас авариялық-құтқару құралдары бар.

Олардың міндеті - оқиға орнына (оның ішінде ЖКО) жедел жету, Алматы қаласы ТЖД негізгі күштері келгенге дейін өртті оқшаулау.

Бүгінгі күні 18 өрт сөндіруші маман экстремалды жүргізу бойынша даярлықтан өтіп, сертификат алды.

Өрт сөндіру-құтқару мотоциклдерін ендірудің тиімділігін алматылық құтқарушылар жауынгерлік кезекшіліктерде қолдану шамасы бойынша бағалай алады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар