Алматыда өрт қауіпсіздігі саласындағы кемшіліктерін жойған сауда орталықтары белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Алматы қаласының өрт сөндірушілер бір ай бұрын өрт қауіпсіздігінде кемшіліктері анықталған сауда орталықтары мен базарларға қайта барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәуір айында инспекторлар заңдар мен ережелерде көрсетілген талаптарға сай өрт қауіпсіздігі жүйелерін тексеру үшін адамдар ең көп жиналатын сауда орталықтары мен базарларға, автовокзалдарға барған. Олардың көбісінде заңсыздықтар тіркелген. Арнайы қызмет өкілдері талапты бұзушылардың барлығына кемшіліктерді жою үшін нұсқау берді.

Мамыр айында инспекция осы орындарға қайта бақылау өткізді. Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексерістердің нәтижесі бойынша, ағымдағы жылдың 11 мамырында 16 нысанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы толығымен жойылған.

1. «Мега парк» сауда ойын-сауық орталығы, Сейфуллин даңғылы, 438;

2. «Спутник» сауда ойын-сауық кешені, Мамыр-1 шағын ауданы, 8 «А» үй.

3. «Елдәулет» сауда орталығы, Жетісу-1 шағын ауданы, 40 үй;

4. «Галерея» сауда орталығы, Тимирязева көш. 42;

5. «АДК» сауда орталығы, Сәтбаев көш. 90/2 Б;

6. «Баумаркет» сауда үйі, Алматы қ., Төле би көш., 189 «А»;

7. «Нұр» сауда үйі, Ақсай-4 шағын ауданы, 70 «Б» үй;

8. «Ақ-жол» шағын маркеті, Ақан сері көш., 17;

9. «Саудакент» Райымбек батыр даңғылы 237 «А»;

10. «Күнгей мен К» базары, Молдағалиев көш. 2;

11.  «Алматы-1» базары,  Шолохов көш. 1;

12. «Семиречье» базары, Рысқұлов көш .бұрышы Құлжа тасжолы;

13. «Алатау-2» базары, Северное кольцо көш.8;

14. «Болашақ» базары, Северное кольцо көш. 12;

15. «Тастақ» базары, Төле би көш. 266;

16. «Алтай» базары, Наманганская көш. 51.


Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар