Алматыда ондаған машина жолда қазылған шұңқырға түсіп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу көшесінің бойында қазылған шұңқырға ондаған көлік түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасына байланысты Жетісу мен Янушкевич көшелерінің қиылысында көлік кептелісі пайда болды.

Көліктердің кейбірі өздігінен шығып жатса, кейбірін арнайы техника жалдап тартып шығаруға тура келді.

null

Айта кету керек, Жетісу көшесінде бірнеше мердігер ұйымдар Алматы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының  тапсырысы бойынша су желісін ауыстырып жатқан болатын.

«Бұл жерде су желісін ауыстыру жұмыстары жасалды. Артынан топырақ пен қиыршық тас аралас балласт төселген. Таңертең жауған жауын бұл жабындыны отырғызып жіберген. Бүгін-ертең демалыс, келесі аптада аталған аймақ асфальтталады. Қазір жолға апаттық белгі қойылады», - деді мердігер компания «Техно Снаб 2002» ЖШС прорабы Мақсат Бикбаев.

null 

Соңғы жаңалықтар