Алматыда оқушылардың «Аман келешек» мәдени-спорт фестивалі өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының спорттық-жаттықтыру кешенінде балаларға арналған «Аман келешек»  IV мәдени-спорт фестивалі өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестивальға Қазақстанның түкпір-түкпірінен коррекциялық мектеп-интернаттар, балалар үйі мен орта білім беру мектептерінің 3 000-нан астам оқушы жиналды.
null

Қазақстанда аналогы жоқ, «Аман келешек» жобасына жұртшылық жылы лебізін білдірді.

- «Аман келешек» фестивалі - жыл сайынғы спорттың, денсаулықтың және шығармашылықтың мерекесі. «Аман келешек» фестивалі мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларын денсаулығы жақсы құрбыларымен біріктіре отырып, Қазақстан Республикасында инклюзивтік қоғамның дамуына өз үлесін қосып келеді, -деді Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.
null

«Аман келешек - 2017» фестиваліне Астана, Алматы, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының балалары қатысты.

Ұйымдастырушылар әлемде талқыланып жатқан балалар тақырыбын фестивальдың бағдарламасына енгізген. Мәселен, биылғы жылы балалар шексіз ғарыш әлемі мен жаңа технологиялар көрінісін тамашалады.

Іс-шаралардың негізгі кестесі 8 тақырыптық алаңға бөлінген, олардың әрбіреуі күн жүйесіндегі планета атауларымен аталады.
null

Фестиваль аясында А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесі заманауи би, сондай-ақ классикалық би негіздері бойынша шеберлік сабақтарын өткізсе, «Алтын Тай» ат клубы атқа мінуді үйретті.
null

Барлық көшпелі алаңдарда шеберлер экскурсиялар жүріп, фейерверк шоу, «Аман келешек» әнұраны, холи бояуын шашу флешмобы болды. 

nullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар