Алматыда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жаңа нысандар құрылысы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инфрақұрылымдық даму «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылғы 28 қазан күні Алматы қаласында жаңа кешендер құрылысы басталды.

Салтанатты рәсімде Алматы қаласы әкімінің орынбасары   С. Мәкежанов, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Б.Ж. Мамыталиев қатысты, деп хабарлайды «Самұры-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдан бастап «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының жеке құрылыс салушыларын қолдау желісі бойынша тұрғын үй құрылысы операторларының бірі болып белгіленді. Аталған жобаны іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» ҰАҚ АҚ ұлттық қорынан қайтарымды негізінде 97 млрд. теңге жолданды.

Аталған қаражаттың арқасында, қатарымен 500 мың шаршы метр, немесе 10 мың пәтер пайдалануға берілетін болады. Ынтымақтастықтың тетігі мемлекеттік-жекешелік әріптестігі міндетінде негізделген: құрылыстың жалпы көлемінде жалпы сомасынан 80 пайызы - Жылжымайтын мүлік қорының инвестициялары және қалған 20 пайызы - құрылыс салушыларына тиесілі.

null  

 «Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және  Универсиада 2017 өткізілуі қарсаңында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша екі жаңа мегажобалары - Медеу ауданындағы «Арена-Сити» тұрғын кешені және Алатау ауданындағы қызмет етуші объекттерімен және жер астындағы автотұрағымен (паркинг) көппәтерлі «Alatau City» тұрғын үй құрылыстарының ашылуы  туралы ерекше сезіммен жариялаймын», - деп сәлемдесу сөзінде атап өтті,  «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басшысы Бауржан Мамыталиев. 

«Арена-Сити» тұрғын кешені жиырма төрт тоғыз қабатты көппәтерлері үйлерінен тұрады.  Тұрғынжайдың алаңы  қатарымен 69 шаршы метрін құрайды - 1 506 пәтер. «Арена-Сити» жобасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасы - 20,5 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде құрылыс құнынан 80% «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және 20% «BAUR Development Group» ЖШС инвестициялайды.

«BAUR Development Group» ЖШС бас директоры Сакен Шакиров хабарлағандай, «Арена-Сити» нысанының құрылысында компания ең үздік әлемдік тәжірибелерінде стандарттарында негізделген жұмыстың алдыңғы қатардағы міндеттерін және заманауи техникалық жабдығын пайдаланады. Сапаның, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғаудың интегралды басқару жүйесі барлық тартылған тараптар үшін қауіпті шектей отыра, жұмысты орындауға мүмкіндік береді.

 Алатау ауданындағы эконом санатты 11 он екі қабатты тұрғын үйлері екінші нысанының құрылысын, құрылыстың жаңа технологияларына бағытталған жаңа заманғы девелоперлік компания «Alatau City» ЖШС жүзеге асырады. Бұл мегакешен - 1056 пәтерден тұрады.

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басшысы Бауржан Мамыталиевтың айтуы бойынша,  Әлеуетті сатып алушыларға таңдау ыңғайлығы үшін 45,31 ш.м максималлды алаңымен кішірек 1 бөлмелі пәтерлерден 67, 941ш.м.алаңымен 3 бөлмелі пәтерлерге дейін таза әрленген пәтерлері ұсынылатын болады.

 «Alatau City» (бірінші кезек) жобасы бойынша жалпы инвестициялар сомасы 14,7 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде құрылыс құнының 80%  - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, ал 20% -«Alatau City» компаниясы инвестициялайды.

 Объектілердің құрылысы кезінде энергия тиімді материалдары пайдаланылатын болады: аз салмақты, сейсмикалық төзімді, вибро- соққыға төзімді.  Алматы қаласындағы «Арена-Сити» және «Alatau City» көппәтерлі тұрғын кешендерін 2018 жылы пайдалануға берілуі жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар