Алматыда «Нұрлы жол» аясында 650 пәтерге өтініш қабылдау басталды
«Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттері Саялы ықшам ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйден және «Жас-Қанат» ықшам ауданында орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден пәтер алады. Барлығы 650 пәтер сатылатын болады.
5 қабатты үйлер 2017 жылдың қыркүйек айында «таза әрлеуде» пайдалануға берілсе, 9-қабатты үйлер 2017 жылдың қараша айында «таза әрлеуде» пайдалануға беріледі.
«Саялы шағын ауданындағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 159 800 теңгеге деп бағаланып отыр.
1-бөлмелі: 70 пәтер, ауданы - 40,02ш.м
1-бөлмелі: 112 пәтер, ауданы - 45,11ш.м
2-бөлмелі: 112 пәтер, ауданы - 65,72ш.м
3-бөлмелі: 70 пәтер, ауданы - 75,77ш.м
3-бөлмелі: 58 пәтер, ауданы - 87,83ш.м
«Жас Қанат» шағын ауданындағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы - 177 330 теңге.
Пәтер саны: 228
1-бөлмелі: 18 пәтер, ауданы - 39,15 ш.м
1-бөлмелі: 66 пәтер, ауданы - 44,26 ш.м
2-бөлмелі: 66 пәтер, ауданы - 65,72 ш.м
3-бөлмелі: 18 пәтер, ауданы - 74,75 ш.м
3-бөлмелі: 60 пәтер, ауданы - 87,83 ш.м», - делінген хабарламада.
Өтініштер 2017 жылдың 19 маусымнан бастап 18 шілдеге дейін (қоса алғанда) қабылданады. 2017 жылдың 19-маусымында үміткерлердің балы есептеледі.
Өтінішті Банктің hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің hcsbk.kz интернет ресурсынан егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.