Алматыда «Нұрлы жер» бойынша баспанаға өтінім қабылдау басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспанаға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы хабарлама «Вечерний Алматы» газетінде шықты.

Электронды үкімет арқылы өтінім беру үшін ХҚКО электронды  қолтаңба алу керек.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы «Жас Қанат» шағын ауданында 954 пәтер сатпақшы. Оның ішінде бір бөлмелі 454 пәтер, екі бөлмелі 232 пәтер, үш бөлмелі 266 пәтер сатылмақ. 20 жылға жалға беріліп кейін толық сатып алу құқығымен меншікке өтетін баспананың 1 шаршы метрін жалдау құны 786 теңге болмақ. Бұл баспанаға Жергілікті атқару органында кезекте тұрған мұқтаж тұлғалар, атап айтқанда  көп балалы, толық емес, мүгелек бала бағып отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнай мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджеттік ұйым қызметкерлері мен I және II топтағы мүгедектер алады», - делінген хабарламада.

Бағдарлама қатысушыларынан ең бастысы бағдарлама шартында көрсетілген пункттер бойынша төлем жасай алатынын растау, отбасы мүшелерінің басында басқа бағдарламалар бойынша баспана болмауы талап етіледі. Сонымен қатар отбасы мүшелері баспана жағдайын қасақана ушықтырғаны туралы дерек болмағаны шарт.

Өтініштер 16 қаңтарға дейін egov порталы арқылы қабылданады.

Соңғы жаңалықтар