Алматыда Назарбаев даңғылында алғашқы нұсқаулықтар пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында алғашқы жол нұсқаулықтары пайда болды. Жол нұсқаулықтары Фурманов көшесін ауыстырған күннің ертесінде бірден қойылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фурманов көшесі 30 қараша күні мәслихат депутаттарының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына ауыстырылған болатын.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жүзеге асырылып жатқан «Almaty Smart City» тұжырымдамасының жаңа нұсқаулықтарға қала бюджетінен бір теңге де жұмсалмағанын жеткізді.

Айта кетейік, тұжырымдама «Billboard Video Digital Broadcast» компаниясының интеллектуалды-ақпараттық навигациялық көлік жүйесі жобасына тиесілі. Жоба жоғары сапалы LED-дисплеймен, борт компьютерлермен, жол апатын білдіретін, ауа райын, курс бағамын хабарлайтын навигациялық хабарлағыштармен қамтылған жол бойындағы метталоқұрылғылардың ақпараттық-техникалық кешенінен тұрады.

Қазіргі уақытта Алматыда дәл осындай 44 медиаборд және жаңа алаңда бір «Jumbo» мегаборды жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Медеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «ақылды ХҚО» пилоттық жобасы іске қосылды.

Компания алдағы уақытта «ақылды қала» жобасын Астана мен Ақтау қалаларында, Алматыдағы жаяу жүргіншілер, автотұрақ аймақтары мен Сауда орталықтарында және Қазақстанның өзге қалаларындағы ХҚО-ның In-door жүйлеріне енгізбек. Айта кетерлігі, қазақстандық «Smart-City» эко-жүйесін аталған компания Қытай, Сингапур, БАӘ, Ресейге енгізу туралы келісімшартқа қол жеткізген. 

Соңғы жаңалықтар