Алматыда мүрдесі табылған келіншектің 7-қабаттан секіріп кеткені анықталды - ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері іздеу жарияланған келіншек түскен барлық бейнебақылау камераларын зерттеп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 38 жастағы Наталья Яковлеваның әкесінен оның жоғалып кеткені туралы арызы түскеннен бастап, іздеу шаралары бірден басталған.

«Бірнеше сағаттан кейін Брусиловский көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан оның мүрдесі табылды. Мүрдеде қорлап өлтіру белгісі байқалмады. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша орнатылған ауладағы бейнебақылау камераларынан алынған мәліметтер бойынша келіншектің үйге жалғыз кіргенін анықтадық. Ол  жеделсатымен көтеріліп, 7-қабаттан секіріп кеткен», - деді полициядағылар.

Аталған факті Алмалы аудандық ІІБ-да сотқа дейінгі тергеу бірыңғай ресстріне тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның өзге де себептері анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар