Алматыда мопед Джиптің астына кіріп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астанадан Алматыға автошерумен келе жатқан Toyota FJ Cruiser көлігінің астына мопед кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Тұрар Рысқұлов пен Нұрғиса Тілендиев көшелері қиылысында болған. ЭКСПО-ға қатысты Астанадан Алматыға автошерумен келе жатқан жол талғамайтын джип Тұрар Рысқұлов даңғылынан Нұрғиса Тілендиевке солға бұрылып жатқан.

Жолдағы көліктер солға бағыт алған көліктерді өткізіп барып, енді орнынан қозғала бастаған кезде мопед жүргізушісі бағдаршамның жасыл жануын күтпей зыр етіп өте шықпақ болған. Алайда мопед Джипке соғылған.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 28 жастағы мопед жүргізушісін жедел жәрдеммен алып кетті.

1

2

3

Соңғы жаңалықтар