Алматыда мешітке келуші жамағаттар арасында футболдан жарыс өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің стадионында футболдан мешітке келуші жамағаттар арасындағы кезекті жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Асыл мұра» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кездесулер «Исмихан» және «Райымбек» мешіттері өкілдері арасында топтық және олимпиадалық жүйесі бойынша өткізілді. Бұл турнирге 20 команда тіркеліп оның 16-сы Райымбек мешітінің өкілдері болды. Нәтижесінде «Думан» командасы бірінші орынды иеленіп, алдағы аудандық кезеңге жолдама алды. Ал, екінші және үшінші орынға «Достар» мен «Жамағат» ұжымдары жайғасты.

Екінші - «Исмихан» мешіт жамағаттарының арасында алтынды «Ақсу» командасы ұтып алса, күміс және қола медальдарды «Бейбарыс» пен «Сәлім» ойыншылары алды.

Сонымен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен марапатталса, бірінші орын алған командалар аудандық кезеңге жолдама алды.

«Асыл мұра» бағдарламасы мешітке келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды. 

Соңғы жаңалықтар