Алматыда Мерседес арыққа түсіп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көше қиылысында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты Абай мен Масанчи көшесінің қиылысында болған. Мерседес автомобилі Абай көшесімен шығысқа қарай кетіп бара жатса, Киа - оңтүстік бағытта келе жатқан. Қиылыста екі көлік бір-біріне соқтығысып, қатты соққыдан Мерседес жол шетіне шығып кетеді. Ол жолай бағдаршамды қиратып, суағар арыққа түсіп кеткен.

Жол апатында үш адам зардап шекті. Әзірге расталмаған дерек бойынша төртінші алам - жаяу жүргінші де жарақат алған болуы ықтиммал.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

null null null

Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар