Алматыда мемлекет меншігіндегі пәтер заңсыз сатылып кеткен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасы Медеу ауданында сот шешімдерінің орындалуын мониторингілеу барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәркіленген 36 пәтердің мемлекет кірісіне алынбағандығы белгілі болды.

Прокурорлық шара қолдану актілері бойынша жалпы  құны 1,5 миллиард теңге болатын нысандар балансқа қабылданды және коммуналдық тұрғын үй қорына алынды.

Сондай-ақ, 2 пәтер аукцион арқылы сатылып, бюджетке 205 миллион тенге түсті.

Тексеру барысында мемлекет пайдасына тәркіленген пәтердің қайта заңсыз сатылғаны анықталды.

Бұл заңсыз мәміледе сату барысында сотталған ер адамның тыйымды алып тастау бойынша әділет саласында қызмет істейтін ағасы және бірқатар делдалдардың қатысының барлығы анықталды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлі тұлғалар қамауға алынды.

Мемлекет мүддесін қорғау мақсатында аудан прокуратурасы пәтерлерді сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп танып, шартты бұзу туралы талап енгізді. Медеу аудандық соты талаптарды қанағаттандырды. Сот мәмілені жарамсыз деп таныды.
Қазіргі уақытта, Алматы қалалық тұрғын үй және тұрғын инспекциясы басқармасының атына пәтерлерді Алматы қаласы коммуналдық тұрғын үй қорына алу туралы хат жолданды.

Соңғы жаңалықтар