Алматыда мектеп бітіруші түлектердің кортежі жол ережесін бұзған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жол ережесін бұзған мектеп бітіруші түлектер кортежінің жүргізушілерін әкімшілік жазаға тартты.

Бейнекадрда көрінгендей, жастар жүріп бара жатқан көліктен басын қылтитып, жартылай денелерін шығарып отырған.

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, кортеждегі 4 көліктің жүргізушісі жол ережесін бұзғаны анықталды.

«Әл-Фараби көшесімен шығысқа бағытталған кортежді жол полициясы тоқтатқан. Toyota Land Cruiser көлігінің 32 жастағы жүргізушісі жол бағыты бойынша емес, кері қарай, артқа қозғалғаны анықталды. Сондай-ақ, көліктің мемлекеттік нөмірі болмаған», - деді С.Әзірбек.

Оның айтуынша, 20 жастағы Toyota Camry жүргізушісі де көлікті нөмірсіз айдағаны үшін əкімшілік жазаға тартылды.

«Мерседес жүргізушісі адамдарды  тасымалдауда заң бұзғаны үшін жазаланды. Жəне бір Мерседес көлігінің иесі бұрын да осындай жазаға тартылған екен. Енді оны көлік жүргізу құқығынан айыру көзделген»,- деді С.Əзірбек.

Соңғы жаңалықтар