Алматыда машина жүксалғышында жолаушы тасымалдағандар жауапқа тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жеңіл көлік жүксалғышында бара жатқан ер адамның видеосы полиция тексерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, видео расталды, ер адам шынымен де машинаның жүксалғышында жатқан.

«Тексеру барысында құқықбұзушы анықталды. Жолаушы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. «Субару» жүргізушісі айыбын бірден мойындады. Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі Сйфуллин және Мәметова көшелері қиылысына жақын маңда болған», - дейді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімінің бастығы Ерік Насырбеков.

Айта кетелік, өткен жылы Алматы полициясы басшылығының блогына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты 200-дей өтініш келіп түскен.

Соңғы жаңалықтар