Алматыда мас жүргізушінің кінәсінен бір адам қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Volkswagen көлігінің мас жүргізушісі адам өліміне соқтырған жол апатына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты Құлжа тас жолының бойында болды. Жолаушылары бар 415 бағдардағы «Mercedes Sprinter» шағын автобусы солтүстік бағытта бара жатқан. Ал, оңтүстіктен келе жатқан Volkswagen жеңіл көлігі кенет қарсы бетке шығып кетіп автобустың бүйірінен соққан. Соққыдан жеңіл көлік айналып кетіп, солтүстікке бағыт алған көк Mercedes-ті қаққан.

Екі машинаға соғылған Volkswagen жолдан шығып талдарға тіреледі.

Жол апатынан шағын автобустағы жолаушы 1978 жылғы әйел көз жұмды. Қоғамдық көліктегі тағы 5 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Полицияның бастапқы мәліметі бойынша Volkswagen жүргізушісі ішімдік ішкен.

Соңғы жаңалықтар