Алматыда мас жүргізуші жол апатына себепкер болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Volksvagen Golf айдаған мас жүргізуші жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Volksvagen Golf жүргізушісі Момышұлы көшесімен оңтүстікке бағыт алып бара жатып көлік тізгінінен айрылып қалған.

Осылайша ол жол шетіндегі тұрақта тұрған Nexia көлігін соққан.

Nexia көлігі жылжып барып Hundai көлігіне соғылысты.
null 

Volksvagen Golf екпінімен жолдың қарсы бетіне шығып барып тоқтаған.
null 

Жол апатынан Golf жүргізушісі зардап шекті.

Оны көшедегі адамдар көліктен әрең алып шықты. Куә болғандардың айтуынша, Golf жүргізушісі мас болған. Қазір ер адам ауыр халде ауруханада жатыр.
null 

Соңғы жаңалықтар