Алматыда марафон басталады

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанада «Алматы марафон» басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мыңдаған желаяқ алматылықтар, еліміздің түкпір-түкпірінен және 38 мемлекеттен келген спортшылар «Алматы марафонда» жүгіруге дайындалуда. Қаладағы жаңа Астана алаңындағы сөреде жарысқа әзірлік өтіп жатыр. Мәре сызығы да осы алаңда белгіленген. Сағат 8:00 ең ұзақ марафондық қашықтыққа жүгіретіндер, жеке спортшылар мен  эстафеташылар жарыс жолына шығады, олардан кейін жартылай марафонның қатысушылары аттанады, сағат 8:25-ке қарай соңғы қашықтық 10 км жүгіретіндер мен скандинав жүрісшілері жарысын бастайды. Осы уақытта балалар арасында 3 шақырымға жүгіргендер мәреге келеді. 
null

null null 

Марафонға байланысты қалада бірқатар көшеде көлік қозғалысы тоқтатылған.

«42,2 және 21 шақырымдық жарысты өткізу үшін Әл-Фараби даңғылының төменгі сол жағы жабылды, ал көшенің оң жағында қозғалыс ашық. Сондай-ақ Шығыс айналма жолы да ашық, сол арқылы әуежайға баруға болады. Саин көшесінің шығыс жағы жабылады, батыс жағымен қаланың төменгі және жоғары бөлігіне баруға жол ашық. Абай көшесінің оң жағы мен жоғары жағы жабылады. Төменгі және сол жағымен жүре беруге болады. Үш көше - Байтұрсынов Абайдан Сәтпаев көшесіне дейін, Сәтпаев Байтұрсыновтан Назарбаев даңғылын дейін, және Назарбаев даңғылы Сәтпаевтан басталып  Әл-Фарабиға шейін толықтай жабық», - деді «Алматы марафон» жобасының менеджері Артем Якупов.

Марафон қашықтығын еңсеруге 6 сағат беріледі. Басталуы сағат 8:10-да.
Марафон аяқталған соң күндіз сағат 2-де жолдар ашылып, ондағы көлік қозғалысы қалпына келтіріледі.
«10 шақырымдық қашықтық үшін жоғарыда аталған көшелерге қосымша Шашкин, Тимирязев пен Манас көшелері толық жабылды. Өйткені көше тар, онда бөлетін ортадағы жолақ жоқ. Бұл жерде адам өте көп жүгіреді. Аталған қашықтыққа 10 мың адам тіркелген», - дейді Артем Якупов.
null null null null 

10 км қашықтыққа жүгіретіндерге 2 сағат уақыт беріледі, басталуы сағат 8:30.

Айта кетерлігі, Шашкин, Тимирязев пен Манас көшелеріндегі қозғалыс сағат 10:30-да ашылады.

Балалар жүгіретін қашықтық үшін қосымша Кіші Желтоқсан мен Желтоқсан көшесінің Тимирязевтен Сатпаевқа дейінгі аралығы жабылған.
null null null 

null null 

Соңғы жаңалықтар