Алматыда «Мәңгілік сарын» атты күй кеші өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қалалық Мәдениет және құжаттар басқармасының ұйымдастыруымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Мәңгілік сарын» атты күй кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, күйді қастерлейтін талғамы жоғары көрермен үшін ұйымдастырылған кеш тегін өтті. Бұл бір жағынан жақында ғана барша әлеумет болып кеңінен тойлаған Әз мереке - Наурызға арналған іс-шаралардың қорытындысы секілді. Ерекше серпін, сән-салтанатпен өткен күй кешіне белгілі дәулескер күйшілер Сержан Шәкіратов, Абдулхамит Райымбергенов, Әділбек Атығаев, Айгүл Үлкенбаева, Жанғали Жүзбаев, Мұқаш Таңғытұлы, Талғат Мұқыш, Мұрат Әбуғазы, Нұркен Әшіров, Батыржан Мықтыбаев, Ерболат Мұстафаев, Сәуле Қаниева, Ардаби Мәулітұлы және «Сазген сазы» этнографиялық - фольклорлық ансамблі қатысты. Күй кешінде ел арасында сақталып, бүгінгі күнге жеткен барлық күй мектептеріне тән шығармалар ойналды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда ұмыт болып, қолданыстан шыға бастаған көнерген саз аспаптарда да халық күйлері орындалды.
null 

Күй - халқымыздың ұланғайыр музыкалық қазынасының мол саласы, құрылымы, мазмұны, басқа да көп сипаттары жөнінен кемел дамып, биік өреге жеткен жанрларының бірі.

Соңғы жаңалықтар