Алматыда Мақатаев көшесі екі аптаға жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы орталығындағы Мұқағали Мақатаев көшесі екі аптаға жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған көшедегі трамвай желісі алынады.

«М.Мақатаев көшесінің С.Сейфуллин даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі учаскесінде трамвай жолы рельстерін алу жұмыстары басталғандығына байланысты биыл 15 сәуірден 29 сәуірге дейін көлік қозғалысы тоқтатылады», - деді баспасөз қызметінен.

Мұның алдында Т.Жароков, А.Байтұрсынов, Ғ.Мұстафин көшелерінде трамвай желісін алуға байланысты 12 сәуірден 29 сәуірге дейін көше жабық болатыны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар