Алматыда Lexus аударылып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Lexus аударылып,  бір жолаушы жарақат алды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Сейфуллин мен Бөгенбай көшелерінің қиылысында болған. Toyota Camry Сейфуллин көшесімен солтүстікке бағыт алған.

Lexus Бөгенбай батыр көшесімен шығысқа қарай келе жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, қиылыста бағдаршам жұмыс істемей тұрған.  Жол ережесін сақтамаған Lexus басты көшедегі көліктерге жол бермей Toyota Camry көлігімен соқтығысты.

Соққыдан Lexus төңкеріліп түсті.

Жол апатының кесірінен Toyota көлігіндегі бойжеткен ауыр жарақат алды. Оны жедел жәрдем алып кетті. Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алмаарасан шатқалында Үлкен айналма жолдың бойында Golf III маркалы автокөлік жолдан ұшып кетті. оқиға салдарынан бір жолаушы қаза тауып, жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар