Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу шарасы өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Розыбакиев көшесінде орналасқан  «Mega Alma-Ata» сауда үйінде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдары лаңкестік бола қалған жағдайда адам көп шоғырланған жерде қалай әрекет ету дағдысын пысықтап жатыр.

Сонымен қатар, оқу жаттығу шаралары кезінде сауда үйінің маңайында шектеу шаралары қабылданды.

«Қала тұрғындары мен азаматтарына түсіністік танытуларын өтінеміз. Сонымен қатар, жүргізушілер жол маршрутын алдын ала жоспарлап шықсын. Заң өкілінің айтқанына бағынбаған азаматтар ҚР ӘҚК 443-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылатынын ескертеміз», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар