Алматыда қыздар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтардын 23-і мен 27-і аралығында Алматыда қыздар арасында Қазақстан біріншілігінің жалауы желбірейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жарыс мамандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде ұйымдастырылады. Чемпионат AIBA ережелерімен бекітілген 10 салмақ дәрежелері бойынша өтеді: 48, 51, 54, 57, 60, 64, 69, 75, 81, +81 кг.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медальдармен марапатталады. Сонымен қатар, «Үздік техника үшін», «Жеңіске деген жігері үшін» және «Үздік төреші» номинациялары бойынша сыйлықтар табысталады.

Чемпионаттың басты мақсаты еліміздегі боксты нәсихаттау және оны бұқаралық дамыту, сонымен қатар, жастар (қыздар) арасындағы Қазақстан құрама командасын жасақтау үшін мықты боксшыларды айқындау болып табылады.

Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы қаласының бокс федерациясының қолдауымен өткізіледі.

Жарыстың ашылу салтанаты 23-ші қаңтар, сағат 14:30-ға жоспарланған.

Спортшылардың салмақ өлшеу рәсімі күнделікті сағат 08:00-ден 09:00-ге өтеді.

Күнделікті жарыс: 12:00 басталады.

Соңғы жаңалықтар