Алматыда қыз бала жаяу жүргіншілерге арналған көпірден секіріп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қыз бала көпірден секіріп кетіп, көлікке келіп соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқиға орнынан.



Жол-көлік оқиғасы «Алматы Арена» маңында кешкісін сағат 22-00-дер кезінде болды. Бір қарағанда, «Хюндай» көлігі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болып көрінген. Алайда шын мәнінде жағдай мүлдем басқаша болған.

Кейінірек мәлім болғанындай, 1995 жылы туған қыз бала жаяу жүргіншілерге арналған көпірден «Хюндай» маркілі көлігі кетіп бара жатқан жолға қарай секіріп кеткен. Қыз көліктің дәл алдына құлаған болуы керек. Өйткені көлікте қызды соққандығын айғақтайтын із қалмаған.

Марқұм болған қыздың денесін криминалистер тексеріп жатыр. Күрделі істің шешімін полиция қызметкерлері тергеу жұмыстары барысында шешеді.

Соңғы жаңалықтар