Алматыда құбыр жарылды

None
None
АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ - Алматыда Гоголь көшесінің Қонаев пен Назарбаев аралығындағы бөлігінде жылу құбыры жарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір оқиға орнында арнайы қызмет өкілдері апатты қалпына келтіруде.

«Диаметрі 100 мм болатын құбыр жарылған. Бұл құбыр 1978 жылы пайдалануға берілген. Жарамдылық мерзімі 25 жыл. Жылу желісіндегі ақаудың кесірінен көпқабатты үйлердің біріне ыстық су мен жылу тоқтатылды. Шамамен 22 сағат ішінде жарылған құбыр ауыстырылады», - деді Алматы Жылу энергия кешені кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин.

Соңғы жаңалықтар