Алматыда көркем гимнастикадан халықаралық чемпионат мәреге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда көркем гимнастикадан халықаралық чемпионат өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасынан мәлім еткендей, «Темір Дос» спорт кешенінде өткен жарысқа Қазақстан мен Қырғызстан елінен 210-ға жуық спортшы қатысты.


Айта кетер жайт, чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен көркем гимнастиканың шеберлері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат ашық болғандықтан барлық қатысамын деушілер шеберліктерін таныта алады. 


«Чемпионат жыл сайын өтеді. Бұл жоспарланған турнир. Осында біз қала құрамасының жоғарғы жастағы мүшелерін қарастырамыз. Сонымен қатар, бізде қалалық біріншілік бар, онда он екі жастан кіші гимнастшылар бәстеседі. Ал бүгін он екі жастан жоғары қыздар додаға қатысуда. Жақында біз жастар ойындарынан оралдық. Онда ОРМБЖМ №11 құрама командасы алтын жүлде олжалады. Осы жылы олар толық құраммен ҚР құрамасына кірді», - деп атап өтті жарыстың бас төрешісі Светлана Леонидовна.

Қатысушылар екі күн бойы шеберліктерін көрсетіп, өнерлерін паш етті. Бүгін турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Чемпионат қатысушыларының нәтижелері:

Топтық жаттығулар 2002-2004 жж.

I орын - ОРМБЖМ №11

II орын- «Кербез» гимнастика мектебі

III орын - ШҚО

 

Топтық жаттығулар 2005-2006 жж.

I орын - ОРМБЖМ №11

II орын - ОРМБЖМ №11

 

Жеке жаттығулар 2006

I орын - Алина Антипова

II орын - Алтынай Төлеғазы, Кира Титовская

III орын - Мария Раченкова, АружанТұрысбекова, Амина Мұрат

2005

I орын - Татьяна Рузина

II орын - Тоғжан Мұхамеджан, Нұрай Тұрсынбек

III орын - Еркежан Төлеухан, Гриценко Анна

2004

I орын - Сабина Кәкімова, Жанель Жадайбаева

II орын - Томирис Дәурен, Ділназ Бейсен

III орын - Мәриям Қаражігітова, Анна Клишина, Алина Ахметбек

2003

I орын - Анастасия Касаткина, Эльвира Адамбаева

II орын - Әсима Әлисұлтанова

III орын - Әдемі Әбілева

2002

I орын - Кәмила Шажанбаева

II орын - Алла Алина

III орын - Жанна Ясюнас 

Соңғы жаңалықтар