Алматыда коньки және шаңғы тебуді тегін үйренуге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда коньки және шаңғы тебуді тегін үйренуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық хабқа сілтеме жасап.

14 қаңтарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары басталады. Тәжірибелі нұсқаушылар сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін «Март» сауда орталығы және Дубок ықшам ауданындағы Центральная көшесі 8г-да орналасқан тегін мұз айдындарына келген коньки тебушілерді тегін үйретуге әзір. 

Сонымен қатар, 15 қаңтардан бастап 1-11-сынып оқушыларын шаңғы тебумен тегін үйрету сабақтары өтеді.

Оқыту сабағының уақыты бес күнге созылады, күніне 1 сағат (дүйсенбі-жұма). Керек жабдықтар қосымша тегін беріледі.

Әр топта 10 баладан дайындалады. Өтетін орындары мен басталуы: «PIONEER» (біріңші ауысым 10:00-де және екінші ауысым 16:00-де), «Шымбұлақ» (10:00 және 16:00) және «Звездная поляна» (09:30-дан 17:30-ға дейін).

Айта кету керек тегін сабақтар «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда, ол - қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар