Алматыда көліктердің соқтығысуынан екі адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол-көлік апатында екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Ақбұлақ шағын ауданында Рысқұлов пен Шәріпов көшелерінің қиылысында болды. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Nissan көлігі Рысқұлов көшесімен шығысқа қарай бет алып келе жатып, Шәріпов көшесіне бұрылған. Ал «Виндум» маркалы машина қарсы жолда батыс бағытта жүріп келе жатқан. Көліктердің соқтығысуы салдарынан екі адам - Nissan-ның жүргізушісі мен кішкентай бала зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтауда.

 

Соңғы жаңалықтар