Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған полицей мен оның әріптесі жұмыстан қуылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған Түркісіб аудандық Ішкі істер бөлімі полицейі жұмысынан қуылды.

«Қызметтік тексеруден кейін жасаған әрекетіне байланысты Түркісіб ауданының жергілікті полиция бөлімінің қызметкері және көлікте бірге болған оның әріптесі де қызметтен босатылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Motor.kz порталы Nissan Primera автокөлігінде отырып дәрет сындырған полиция қызметкерінің фотосын жариялаған болатын. Көліктің алдыңғы бөлігінде екінші полиция отырған. Басылымның хабарлауынша, фотосурет Қарасай батыр-Жароков көшелерінің қиылысында түсірілген.  

Соңғы жаңалықтар