Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған полицей анықталды - ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Ішкі істер департаменті көлікте отырып, сыртқа дәрет сындырған полицейді анықтады.

Еске сала кетейік, тоқтап тұрған көліктің артқы орындығында отырып, сыртқа дәрет сындырған полицейді суретке түсіріп алғандар БАҚ-та фотоны жария еткен болатын.

«Фотоға түсіп қалған полицей анықталды. Ол Түркісіб ауданының жергілікті полиция қызметкері болып шықты»,  деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Егер аталған факті бойынша қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі және ішкі істер органы қызметіне дақ түсіргені дәлелденген жағдайда заң бойынша шара қолданылады.  

 

Соңғы жаңалықтар