Алматыда көлік қаққан жігіт мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Солтүстік айналма жолы көшесі мен Жеңіс көшелері қиылысында Тойота көлігі жолды кесіп бара жатқан жігітті қағып кетті. 30 шамасындағы жігіт сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік жүргізушісінің айтуынша, жігіт бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуге тырысқан. Сол кезде жүргізуші тежегішті басуға үлгермей қалған.

Алған жарақатынан ер адам сол жерде жантәсілім етті. Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар