Алматыда көлік ағашқа соғылып, екі адам ауруханаға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түнде болған жол-көлік апаты салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Жол апаты Райымбек даңғылының бойында болған. 

Kia жүргізушісінің айтуынша, ол шығыс бағытпен келе жатып, кейін бұрылмақ болған. Бұрылғаннан кейін, батыс бағытқа кетіп бара жатқан жолаққа орналаса берген кезде Toyota Camry қатты жылдамдықпен келе жатқан. Екі көлік соқтығысып, машина жолдың жиегінен ұшып өтіп, ағашқа соғылған.

Жол апаты салдарынан Toyota көлігіндегі екі адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілген.

null null 

Соңғы жаңалықтар