Алматыда қоқыс таситын көлік аударылды

None
None
Алматы. ҚазАқпарат - Алматыда қоқыс таситын көліктің аударылуының салдарынан өзге 4 жеңіл көлік зақымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы үй ауласында болды.

Камаз маркалы жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол ауладан қоқысты алып кетуге келген. Аулаға кіруге оған тұрақтағы көліктер кедергі болған. Жүргізуші жолды ашуды сұрау үшін көлігінен түскен мезетте, Камаз төменге қарай өз екпінімен жүріп кеткен. Нәтижесінде қоқыс көлігі аударылып, тағы 4 көлік зақымданған.

Көлік апатынан зардап шеккен азаматтар жоқ. Тұрақтағы көліктердің зақымданғанын иелері кейіннен білді.
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар