Алматыда қоғамдық көлік қарсы жолаққа шығып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде қарсы жолақпен кетіп бар жатқан автобустың бейнекөрінісі жарияланды. Материал «ОСА» қоғамдық бірлестігінің Facebook парақшасына салынған.

Бейнекөріністе қоғамдық көліктің жол ережесін өрескел бұза отырып, Сүлейменов көшесінің бойындағы қарсы жолақтағы жолға шығып кеткендігі байқалады. Оқиғаның болған уақыты жарияланбаған. Алматыда қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиі кездесіп тұрады. Мысалы қыркүйек айында тролллейбус жүргізушісі автобустан шығып келе жатқан 15 жасар мектеп оқушысын қағып кеткен еді. Жол-көлік оқиғасы «Сайран» метро станциясының маңында, Абай даңғылының бойында орын алған.

«№25 автобустың жүргізушісі рұқсат етілмеген жерге тоқтап, жолаушыларды көліктен шығуға мәжбүрлеген. Олардың арасында ең бірінші болып көліктен 15 жасар оқушы шығып, оны үлкен жылдамдықпен келе жатқан және аялдамаға келіп тоқтамақ болған троллейбус қағып кетті. №25 автобустың жүргізшісі оқиға орнынан кетіп қалған. Ал, оқушы бала қазір ауруханада жатыр және оның жағдай ауыр»,-деді баланың анасы.

Соңғы жаңалықтар