Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -25 °С
Алматы: -6 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Алматыда кеміргіштерді улауға 86 млн теңге бөлінді

2017 жылғы 14 қараша 17:07 473
Поделиться:
Алматыда кеміргіштерді улауға 86 млн теңге бөлінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімдігі кеміргіштерді улауға 86 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл қаржы кеміргіштерден тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталмақ.

Дератизация жұмыстары көбіне Алатау ауданындағы ғимараттарда жүргізілетін болды.

«Егеуқұйрықтар иерсиниоз, листериоз, туберкулез тағы басқа ауруларды таратады. Бұл кеміргіштердің санына тікелей байланысты. Неғұрлым жануарлар саны көп болған сайын, ауру тарау көрсеткіші де жоғары болмақ. Кеміргіштер азық-түлік кәсіпорындарына үлкен шығын әкеледі», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.

Қызметкерлер улы химикаттарды саябақ аймақтарында, жекеменшік үйлердің маңында, көппәтерлі үйлердің жертөлелерінде шашады.

Айта кету керек, жыл сайын күзде және көктемде Алматы мен қала маңайында 47 га аумақта дератизация шаралары жүргізіледі.

 

 


Басты сөздер: Алматы, Медицина, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
Мұрағат