Алматыда Қазақстандағы көптілді білім беру жүйесінің негіздері мен тәжірибесі талқыланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Ғылым ордасының Мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ҚР БҒМ өкілінің қатысуымен "Қазақстандағы көптілді білім беру жүйесі: ғылыми негіздері мен тәжірибесі" атты дөңгелек үстел өткізеді, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты - қазақ тіл біліміндегі, отандық лингвистика, т.б. гуманитарлық ғылым салаларындағы көптілділікке, Қазақстандағы үштілділік, үштілді білім беруге қатысты ғылыми ой-ізденістерді, олардың нәтижесін қалың жұртшылыққа насихаттау, сонымен бірге үштілді білім беру саясатын жүзеге асырушы ресми орындарға осы проблема бойынша тиімді шешімдер шығаруға ықпал ететін ұсыныстар әзірлеу.

Дөңгелек үстелге Астана және Алматы қалалары ғылыми зерттеу орталықтарының, ЖОО-ның зерттеушілері мен оқытушылары, әдістемешілер,  мектеп мұғалімдері мен ҚР-ның білім беру саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік орган мамандары, ізденуші магистранттар мен докторанттар, БАҚ өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстелде ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева «Орта білім берудің жаңартылған мазмұны», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Білім беру бағдарламалары орталығы филиалы, бөлім бастығы, т.ғ.к. Ә.Жанисов пен осы мекеменің Білім беру бағдарламалары орталығы филиалының бөлім бастығы Ж.Әбуов «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үш тілде білім беру тәжірибесі», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Н.Уәли «Қазақстандағы үштілділіктің бүгінгі өзекті мәселелері», осы мекеме директорының орынбасары А.Фазылжанова «Көптілділік және ана тілі», Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, саяс.ғ.д., профессор Р.Қадыржанов «Көптілділік және бірегейлік <лат. identifico>», Сүлеймен Демирел атындағы университеті «Тіл, мәдениет және коммуникация» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі,  ф.ғ.д., профессор З.Ахметжанова «Көптілді білім беру және қазақ тілінің өміршеңдігі <лат. vitalite>» атты тақырыпта баяндама жасайды.

Дөңгелек үстел барысында көптілділік және көптілді білім беру, көптілділіктің тілтанымдық, педагогикалық, психологиялық аспектілері, Қазақстан Республикасындағы көптілді білім берудің әлеуметтік-мәдени, саяси, ғылыми негіздері мен тәжірибесіне қатысты мәселелер талқыланады.

Дөңгелек үстел жұмысының соңында қатысушылар елімізде үштілді білім беруді жүзеге асырушы ресми органдарға ұсыныстар әзірлейді (ұсыныстарды шараның ұйымдастырушысы рәсімдейді), қарар қабылдайды, БАҚ өкілдеріне сұхбат береді.

Соңғы жаңалықтар