Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 324.98
EUR 378.34
RUB 5.53
CNY 48.01

Алматыда Қазақстан-Түркия қатынастарына арналған жиын өтті

Алматыда Қазақстан-Түркия қатынастарына арналған жиын өтті
2016 жылғы 21 желтоқсан 11:08 1966

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті «Түріксой» кафедрасы ұйымдастырды. 

Жиынға Қазақ ұлттық академиясының академигі Досмұхамед Кішібеков, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы Невзат Шишмек пен Түріксой кафедрасының меңгерушісі  Ерден Қажыбек және ғалымдар мен ЖОО студенттері қатысты.

«Қазақстан тәуелсіздігіне алғашқы лекте инвестиция құйған Түркия қазіргі таңда Қазақстанға инвестиция салу жағынан төртінші орынды иеленеді. 1992 жылы екіжақты сауда айналымы 30 млн долларды құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 млрд 850 млн долларға жетіп отыр. Екі елдің мемлекет басшылары сауда айналымын 10 млрд долларға дейін жеткізуді мақсат тұтады», - деді Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы Невзат Шишмек.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы саяси, экономикалық әлеуметтік жетістіктері сөз етілді.

Жиында сөз алған академик Досмұхамед Кішібеков Түркияның бауырлас ел екенін сөз етті.

«30-жылдары елден кетуге мәжбүр болған қазақтар ауған, Иран асып, Түркияға барып есін жиды. Оны ұмытуға болмайды. Кешегі тәуелсіздікті алған кезімізде алғаш біздің егемендікті мойындаған да Түркия болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көп векторлы саясаты арқасында біз ағайын Түркиямен де терезесі тең ел атандық», - деді Д.Кішібеков.  

 

 

Басты сөздер: Қазақстанның сыртқы саясаты, Түркия, Алматы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер