Алматыда «Қазақстан татарлары» кітабының тұсауы кесілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ұлттық кітапханада «Қазақстан татарлары» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Туынды Қазанда басылып шыққан. Бүгін кітапты көпшілікке таныстыруға Қазан университетінің профессоры Рафаиль Шайдуллин мен татар энциклопедиясы институтының өкілі Булат Хамидуллин келді.

Жаңа баспада Қазақстанда туып, өмір сүріп жатқан немесе қайтыс болған  300-ге жуық қоғам қайраткері, революцияға дейінгі  қоғамдық ұйымдар, басылымдар туралы ақпарат берілген.

Сонымен қатар, Қазақстан татарларының өмірі, қызметі, ұлттық дәстүрлері, көркемөнер ұйымдары жүйелі түрде сипатталған.

Энциклопедиялық анықтама Қазақстан мен Татарстанда тұрып жатқан татарлардың тарихи-мәдени байланысы туралы сыр шертеді.

Қазан университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ТР ғылым академиясы Татар энциклопедиясы және аймақтану институтының энциклопедистика орталығының меңгерушісі Рафаэль Шайдуллиннің айтуынша, бұл кітап 2014 жылы Татарстанда басталған «Татар халқының ұлттық бірегейлігін сақтау» мемлекеттік бағдарламасының аясында басылып отыр.

«Қазақстанда қазір 230 мыңнан аса татар өмір сүріп жатыр. Біз Қазақстандағы татарлардың өмірін, екі ел арасындағы тарихи мәдени байланысты, ұлттық тағам түрлерін, фольклорды көрсеткіміз келді. Революцияға дейін Қазақстанда біріккен музыкалық, қайырымдылық қорлары болған екен. 30 жуық мерзімді басылым шығып тұрған. Осының бәрін жергілікті мұрағаттарға сауал жіберу арқылы анықтадық», - деді Р.Шайдуллин.

ТР ғылым академиясы Татар энциклопедиясы және аймақтану институтының энциклопедистика орталығының өкілі Хамидуллин Болаттың айтуынша, аталған орталықта бұдан өзге татарлардың өмір сүретін аймақтары туралы кітап жарық көрген.

Тұран университетінің профессоры, п.ғ.д Хайруллин Гриф бұл кітаптың екі ел арасындағы достастықтың дамуын үлкен ықпалы тиетінін тілге тиек етті.

«Мұнда белгілі қазақстандық татарлардың есімі енді. Онымен қатар Абай, Мұхтар Әуезов, Нұрсұлтан Назарбаев сияқты белгілі тұлғалар да енді. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы біздің мемлекетіміздің өкілі. Осы елде еш кедергісіз өмір сүріп келеміз», - деді Гриф Хайруллин.

Соңғы жаңалықтар