Алматыда қаскөй ана екі перзентімен қосылып, өгей баласын өлтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 11 жастағы оқушының өліміне қатысты күдікті ретінде оның өгей шешесінің екі баласы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

ҚР ҚК 125-бабы, 2-бөлігі (адам ұрлау), 99-бабы, 2-бөлігі (адамдар тобымен сөз байласып, кәмелет жасқа толмағанды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша 5 адам күдікті ретінде ұсталды. Оның басты себепкері, қылмыстық істі ұйымдастырушы - қайтыс болған баланың 1980 жылы туған өгей шешесі. Ол бұл ісін жүзеге асыру үшін ОҚО орталығы - Шымкент қаласынан 1995 жылы туған баласын шақыртқан. Ол досымен бірге келген. Екеуіне қылмысты жасағаны үшін 100 мың теңге беретінін уәде еткен. Сонымен қатар, іске оның 1997 жылы бірінші некесінен туған қызы да қатысты», - дейді полицияның ресми өкілі.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, аталған үшеуі бірнеше күн баланы аңдыған. Мектепке қай уақытта барып, қашан шығатынын анықтап алған. Сосын, 19 қаңтар күні олар баланы алдап, өгей шешесінің танысының көлігіне отырғызып алып кеткен.

«5-ші күдікті ретінде көлік жүргізушісі де ұсталып отыр. Жүргізушінің келісімімен қылмыс жүзеге асты. Әрине, марқұм бала ештеңеден күдіктенбеген, өгей шешесінің балаларын бұған дейін де танығандықтан, күмәнданбастан көлікке отырған. Олар баланы алдын ала жалға алынған саяжайға алып келіп, бірден қылмысты ойларын жүзеге асырады. Алдымен тұншықтырып, сосын бірнеше рет пышақтаған. Ізін жасыру үшін мүрдені саяжайдағы үйдің жертөлесіне көмген. Қазіргі уақытта бесеуі ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Оларды қамауға алу туралы сот санкциясы алынатын болады», - деді С.Әзірбек. 

Соңғы жаңалықтар