Алматыда кәсіпкерлікпен айналысқан Қытай азаматы жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Қытай азаматының жоғалып кеткенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рен Сюмей есімді қытайлық соңғы рет 30 қазан күні «Достық плаза» сауда орталығында болған. Оның сауда орталығынан кешкі сағат 20:00-де шыққаны  бейне бақылау камерасында жазылған.

Осыдан кейін ол Алматыда тоқтаған қонақ үйіне оралмаған. Алматы Ішкі істер департаменті аталған факті бойынша жедел-тергеу тобы құрылғанын айтты. Тергеу тобының құрамына Медеу аудандық ІІБ криминалды полиция қызметкерлері енген.

«Достық плазаға» келместен бұрын, ол Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы сауда орталығында болған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қытайлық қыз Алматыға электрондық темекі сатуға келген.

Соңғы жаңалықтар