Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгіне қала тұрғындарының 12 проценті 60 жастан асқан адамдар.

«Егде жастағы адамдарды қолдау, олардың өмір сапасын арттыру бойынша қалада арнайы карта қабылданады. Бұл бағдарламаның жай-жапсарын жақын арада айтатын боламыз. Ол негізінен азаматтардың денсаулығын, өмір сапасын арттыру, барлық қызметтердің қолжетімділігін қамтиды. Бүгінде Алматы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 74,3 екені белгілі. Бұл республика бойынша бірінші орында тұр», - деді Б.Байбек.

Соңғы жаңалықтар