Алматыда қар тазалап жатқан жұмысшы көлік қағып мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда  жол шетінде қар тазалап жүрген жұмысшыны көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай Рысқұлов-Жансүгіров көшесінде болған.

Рысқұлов көшесімен  батысқа бағыт алған Жигули жол шетіндегі жұмысшыны қағып кетті.

Ол жол  үстіндегі қарды тротуарға таман ысырып жатқан.

37 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігінде есін жимастан көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын жол полициясы анықтап жатыр.

null 

Соңғы жаңалықтар