Алматыда КамАз Тойота көлігін қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Toyota Camry жеңіл көлігі мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып қалды.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апаты Райымбек көшесінің шығыс бағытында «Арзан» супермаркеті тұсында сағат: 13-45-те болған.

Тойота көлігінің рөлінде жас қыз болған. Куәгерлердің айтуынша, ол ортаңғы қатардан сол жақ қатарға ауыспақ болған. Бірақ, дұрыс бұрылмағандықтан жүк көлігіне соғылған. КамАз оны жол ортасындағы қоршауға соққан. Жол апатынан Тойота жүргізушісі зардап шекті. Бірақ ол медициналық көмектен өз еркімен бас тартты.

Әуезов аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлері жол апатының себебін анықтайды.

дтп1  

Соңғы жаңалықтар